Ақпарат - №43 "Еркеназ" бөбекжай-бақшасы http://43-taraz.balabaqshasy.kz/ ru Ақпарат - №43 "Еркеназ" бөбекжай-бақшасы DataLife Engine КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫ! http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/35033-konkurs-tkzu-turaly-habarlandy.html http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/35033-konkurs-tkzu-turaly-habarlandy.html ]]> ]]> admin Mon, 09 Jun 2025 16:42:46 +0600 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/34964-mektepke-dejng-jymdardy-arzhylandyrudy-zhaa-formaty.html http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/34964-mektepke-dejng-jymdardy-arzhylandyrudy-zhaa-formaty.html МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
Мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру бойынша жаңа жоба енгізілуде, оның шеңберінде кезекке қоюдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге дейін барлық рәсімдер толық қайта қаралды. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың жаңа схемасы, ол балаға ақшалай қаражатты анықтауды және бекітуді, содан кейін қаражатты мектепке дейінгі білім беру ұйымына жеткізуді қамтиды.
Жүйе негізінде «ақша баланың соңынан жүреді» тұжырымы жатыр. Енді ата-аналар кез-келген балабақшада қолдана алатын мемлекеттік ваучер алады. Бұл тәсіл ата-аналарға балалары үшін ең жақсы балабақшаны таңдауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар жаңа қағиданы енгізу балалардың бір бақшадан екіншісіне еркін ауысуын, яғни қаржыландырудың бірге өтуін, мектепке дейінгі мекемелер үшін еңбек шығындарының едәуір қысқаруын және жаңа мекемелердің жүйеге оңай кіруін көздейді.
Ваучерлік қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын балалардың барлық контингенті қатысады. Бұрын білім беру тапсырысын алған және бақшаға баратын балалар автоматты түрде ваучерлік қаржыландыруға ауыстырылады. Ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы барлық балалар ваучер иелері болады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған барлық мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыруға қолжетімділік бар. Бұдан басқа, пилоттық жоба шеңберінде жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінуіне қарамастан, жергілікті атқарушы орган бекітетін тізбеге кіру мүмкіндігі көзделген.
Тетік мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың екі түрін көздейді, олардың әрқайсысына қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады:
- виртуалды ваучер мемлекеттік тапсырыс мектепке дейінгі ұйымға орналастырылған кезде жүзеге асырылады;
- қаржылық ваучер мемлекеттік білім беру тапсырысының қаражаты ата-ананың ЕДБ-де баланың атына ашқан банктік шотына аударылған және одан әрі мектепке дейінгі ұйымның шотына аударылған кезде жүзеге асырылады.
Қаржылық ваучер (балалардың банктік шоттары арқылы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу) ерікті негізде іске асырылады. Яғни, банк шоты ата-ананың өзі тілек білдірген жағдайда ғана ашылады.
Ваучер алғаннан кейін ата-ана мемлекеттік тапсырыстың бекітілген көлеміне қарамастан, балабақшаны өз бетінше таңдауға құқылы, егер бақшада бос орын болса, ата-ана шарт жасасады.
Қаржыландыру баланың балабақшаға бару фактісі бойынша жүзеге асырылатынын атап өту маңызды. Ата-ана ақпараттық жүйеде сабаққа қатысу табелін ай сайын растауға міндеттенеді.
Бұл әрекеттер әр айдың 1-ден 15-не дейін жүзеге асырылады. Егер ата-ана баланың қатысуы туралы дұрыс емес деректері бар табельді растаған жағдайда, бұл бюджет қаражатының ысырап болуына әкеп соғуы мүмкін, бұл ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ваучерлік қаржыландыруды басқаруды «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асырады, ал Indigo жүйесі банктер, ұлттық білім беру платформасы және басқа ведомстволар арасында деректер алмасуды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Тараз қаласында мектепке дейінгі ұйымдарында қаржыландырудың осы форматы пилоттық режимде тестіленуде. Қалада 153 мектепке дейінгі ұйым бар. Балабақшаларда 20 мыңға жуық бала есептеледі, олардың 7 мыңы ваучер алу кезегін күтуде. Ата-аналар қазірдің өзінде қаржыландырудың жаңа механизмі бойынша ваучер алуда.
Сонымен қатар, электронды өтініш беру, табельді толтыру, мектепке дейінгі ұйымға қабылдау және т.б. мәселелер бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулықтың бірқатар бейне сабақтарын әзірледі.
1. Ата-ананың табельді тексеру және қол қою жөніндегі нұсқаулығы:
https://youtu.be/MxDA_5FuQJ0 

  1. Ваучердің кезегіне қоюға электрондық өтініш беру
https://youtu.be/m7Xxzy9A5JM 
  1. Ваучер алғаннан кейін мектепке дейінгі ұйымға қабылдау
https://youtu.be/V02ndYJTgXI 
  1. Шарт жасасу үшін мектепке дейінгі ұйымды таңдау
https://youtu.be/aTcfmUOWiIM 
  1. Шарт жасасу процесінде эскроу-шот ашу
https://youtu.be/b6hpo7ImI2s 

]]>
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

admin Mon, 09 Sep 2024 15:28:45 +0600
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5429-rmett-zhambyl-oblysyny-tryndary.html http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5429-rmett-zhambyl-oblysyny-tryndary.html 2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
 Сайлауда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеру үшін Жамбыл облысы бойынша электронды сайттар мен Call-орталықтар іске қосылды.
 
Сіздер төмендегі қайнар көздерден ақпарат біле аласыздар:
 1. sailau.gov.kz ;

2. e-jambyl.kz ;
 3. «109» байланыс телефоны арқылы;

4. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің call-орталықтары

Тараз қаласы       8(7262) 45-17-71

8(7262) 45-48-14

Байзақ ауданы     8(72637) 2-15-05

Жамбыл ауданы  8(72633) 2-18-93

Жуалы ауданы    8(72635) 2-04-87

Қордай ауданы   8 (72636) 4-30-19

Меркі ауданы      8(72632) 2-10-94

Мойынқұм ауданы       8(72642)2-11-54

Т.Рысқұлов ауданы      8(72631) 2-25-25

Талас ауданы      8(72644) 6-10-00

8(72644) 6-02-70

Сарысу ауданы   8(72634) 6-23-42

Шу ауданы          8(72638) 3-19-88;

]]>
2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
 Сайлауда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеру үшін Жамбыл облысы бойынша электронды сайттар мен Call-орталықтар іске қосылды.
 
Сіздер төмендегі қайнар көздерден ақпарат біле аласыздар:
 1. sailau.gov.kz ;

2. e-jambyl.kz ;
 3. «109» байланыс телефоны арқылы;

4. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің call-орталықтары

Тараз қаласы       8(7262) 45-17-71

8(7262) 45-48-14

Байзақ ауданы     8(72637) 2-15-05

Жамбыл ауданы  8(72633) 2-18-93

Жуалы ауданы    8(72635) 2-04-87

Қордай ауданы   8 (72636) 4-30-19

Меркі ауданы      8(72632) 2-10-94

Мойынқұм ауданы       8(72642)2-11-54

Т.Рысқұлов ауданы      8(72631) 2-25-25

Талас ауданы      8(72644) 6-10-00

8(72644) 6-02-70

Сарысу ауданы   8(72634) 6-23-42

Шу ауданы          8(72638) 3-19-88;

]]>
admin Thu, 10 Nov 2022 10:27:35 +0600
Қазақ тілін оқуға арналған порталдар http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5304-aza-tln-oua-arnalan-portaldar.html http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5304-aza-tln-oua-arnalan-portaldar.html «Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.

Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.

Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді.

2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасына арналған қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым әзірленді. А1, А2 деңгейлері бойынша басылымның контенті қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, «Abai.institute» онлайн платформасына орналастырылды.
 Жоба аясында Түркия, АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия және Өзбекстанда қазақ тілі кабинеттерін ашу арқылы офлайн және онлайн оқыту жүргізілуде.
 Жобада «Отандастар қоры» АҚ ерекше рөл атқарады, ол шетелдегі отандастармен жұмысты ұйымдастырады және жоғарыда аталған елдердегі қазақ тілі кабинеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Портал Android Және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қол жетімді.

Қаралым – 182 740.

«Tilqural.kz»- қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар.

Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі).

Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға, еркін оқуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізуге, сөздерді дұрыс дыбыстауға, сөйлемдерді сауатты құрастыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланушы жеке кабинетінде орындалған сабақтар бойынша статистиканы көре алады.

Қызметті Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге болады.

Қаралым – 93 247.

«Tilmedia.kz»- 2017 жылы құрылған үштілді «Tilmedia.kz» сайты қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады.

Сайт жұмысы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін насихаттауға, олардың қолданылу аясы мен әдістемесін кеңейтуге бағытталған. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген.

Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.

Сайт «ақпарат», «қара», «тыңда», «оқы», «сұрақ-жауап» атты 5 блогтан тұрады және онда тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелер туралы жаңалықтар, сабақтар, сабақтар, танымдық аудиожазбалар, балалар мен ересектерге арналған бейнероликтер, аудиокітаптар, әдістемелік құралдар, көркем және балалар әдебиеті және т.б. орналастырылған.

Қаралым – 170 749.

«Вalatili.kz»сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.

Сайтта баланың өзіндік жұмысына арналған жұмыс парақтары, ұcтаздар мен тәрбиешілерге, ата-аналарға әдістеме парақтары ұсынылған.

Грамматика мен орфографияны үйренуге арналған материалдар, соның ішінде интерактивті әліпби мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, каллиграфиялық дағдыларды дамытуға арналған тапсырмалар, қосымшалар қарастырылған. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқуға арналған көркем мәтіндер, соның ішінде қызықты әңгімелер, тақырыптық өлеңдер, интерактивке негізделіп жасалған жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер топтастырылған.

Мамандардың лингвистикалық мәселелерге қатысты мақалалары, ғылыми еңбектері, сондай-ақ балабақшалар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары мен сабақ жоспарлары жарияланады.

Қаралым – 560 632.

Тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған сайттар

«Emle.kz» -сайты қазақша дұрыс жазу, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Деректер базасында қазақ тілінің өзекті орфографиялық сөздігі, орфография ережелері, осы салаға қатысты ғылыми әдебиеттер бар. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебиет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. «Пунктуация» блогында тыныс белгілердің қойылу ретіне байланысты ережелер енгізілсе, «Аббревиатура» блогында қысқарған сөздер, олардың толық атаулары, қысқарылу реті, атаулар мен сөздерді қысқарту барысында басшылыққа алынатын қағидалар мен сүйенетін заңдылықтар келтіріледі. «Мақалалар» блогында осы саладағы ғалымдардың ғылыми мақалалары келтірілген. Оқырман автормен байланысып, мақаланың астына пікір қалдырып, сұрағына жауап ала алады.

Қаралым – 1 500 512.

«Termincom.kz» - сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу, қазіргі заманғы ғылым, білім, техника және экономика, қоғамдық-әлеуметтік бағыттар бойынша салааралық терминологиялық қорды біріздендіру және жетілдіру мақсатында құрылды.

Бұл терминологиялық лексиканы біріздендіруге, терминологиялық қорды толықтыруға, терминдер мен атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеуге, терминологиялық атауларды пайдалану тиімділігін арттыру үшін қалың жұртшылыққа арналған ақпараттық құралдың бір түрі.

«Termincom.kz» электрондық сайты «Бекітілген терминдер», «Терминдер хронологиясы», «Қолданыстағы салалық терминдер», «Ойталқы», «Құқықтық-нормативтік база», «Ғылыми-әдіcтемелік негіздер» және «Іздеу» блоктарынан тұрады.

«Бекітілген терминдер» блогында Республикалық терминологиялық комиссиясында мақұлданған терминдер орналастырылса, «Терминдер хронологиясында» терминдердің бекітілу мерзімдері және олардың сөздік ретінде жарық көруінен мәліметтер беріледі.

«Қолданыстағы салалық терминдер» блогында Республикалық терминология комиссиясының мақұлдауымен жарық көрген терминологиялық сөздіктер салынды.

«Ойталқы» айдарында бекітуге ұсынылатын терминдерге қатысты әрбір оқырман өз ой-пікірін қалдыра алады.

«Ғылыми-әдістемелік негіздер» блогында терминжасам мәселелеріне қатысты еңбектер ұсынылып отыр.

Қаралым – 2 901 202.

«Sozdikqor.kz»- әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздермен және тұрақты сөз тіркестерімен, ескірген қазақ сөздерімен, кірме сөздермен, ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасымен танысуға мүмкіндік беретін алғашқы әмбебап платформа.

Базаға 400 000 сөз, 1 243 850 тілдік бірлік жүктелген.

Порталға 60-қа жуық түрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар енгізілген. Атап айтқанда, 15 томдық Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Абай сөздігі, Ахмет Байтұрсынов энциклопедиясы, қазақ тілінің синонимдер сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б.
 Порталдың іздеу жүйесі арқылы сөздердің анықтамасын, синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін, сөздердің фразеологиялық тіркестерде кездесу жиілігін білуге болады.
 2021 жылы «синонимайзер» функциясы қосылды, тестілеу кезеңі өткізілуде. Кілт сөздерді дыбыстандыру функциясы бар.

Порталдың мобильді қосымшасын Goolge Play және App Store-дан жүктеуге болады. @Sozdikqor.kz тelegram-бот жұмыс істейді.

Қаралым – 1 042 369.

«Qazcorpora.kz» - қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусы – «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобалардың бірі.

Корпус – белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды түрде жинақталуына негізделген ақпараттық-анықтамалық жүйе. Корпусты құрудың негізгі мақсаты – табиғи тілдік ресурстарды жинау, қалыпқа келтіріп, жүйелендіру, нәтижелерді ұтымды пайдалану үшін тұтынушыларға ұсыну.

Ұлттық корпус – бұл қазақ тілінің бір жүйеге кіріктірілген тілдік материалдарының базасы ғана емес, сондай-ақ виртуалды кеңістікте мемлекеттік тілдің қызмет етуін, семантикалық кеңістігін кеңейту, ақпараттық таралу ауқымын кеңейту, тілдік ресурстарға жаппай қол жеткізу тетігі. Цифрландырылған жүйе түріндегі қазақ тіліндегі мәтіндердің базасын көрсететін осы ақпараттық-анықтамалық ашық жүйе ұлттық тіл тіршілігінің белгілі бір кезеңінде (немесе кезеңдерінде) әдеби тіл стилінің, тілдік қолданудың барлық түрлерін жинақтайды және тұтынушыға ұсынады.

Жоба жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аитова Н. Н., техникалық сүйемелдеу бойынша жетекшісі – М. Бақытқызы. Жоба жұмысына филолог ғалымдар, келесі отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың сала мамандары қатысты:

- А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты;

- Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;

- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті;

- Назарбаев Университеті;

- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;

- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;

- Баишев университеті;

- «Minialgo» ЖШС;

- «Qazkitap баспасы» ЖШС.

Публицистикалық мәтіндер корпусына «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Заң» газеттерінде жарияланған мақалалардың электронды көшірмелері енгізілді.

Әлемнің негізгі тілдерінің көпшілігінде өздерінің ұлттық корпустары бар, олар бір-бірінен мәтіндерді ғылыми өңдеудегі толықтығы мен деңгейі арқылы ерекшеленеді.
 Қазіргі әлем тілдері ішінде мойындалған корпус – «Британдық ұлттық корпус» (BNC), көптеген басқа заманауи корпустар соған бағытталған. Прагадағы Карл университетінде құрылған чех ұлттық корпусы да ерекше орын алады, Орыс тілінің ұлттық корпусы да қарқынды дамуда.
 Ұлттық корпустың мүмкіндіктері:

- тілді ана тілі немесе шеттілі ретінде үйрету үшін қажет (әлемде оқулықтар мен оқу бағдарламалары қазір Корпусқа бағытталған. Кез келген шетелдік, мектеп оқушысы, мұғалім, журналист, редактор және жазушы корпусты қолдана отырып, бейтаныс сөзді немесе грамматикалық форманың қолдану ерекшеліктерін тез және тиімді тексере алады);

- тілдің лексикасы мен грамматикасын, ондағы жүздеген жылдар бойы болған өзгерістерді ғылыми зерттеу үшін қажет;

- ақпаратты іздеуді оңтайландырады;

- ауқымды материалдарды талдау, өңдеуді, статистикалық мәліметтерді алуды оңайлатады;

- қажетті сөздіктерді корпус базасына негізінде құрастыруға болады;

Мәтінге 12-20 параметрлік метабелгілер (мәтін авторы, мәтін тақырыбы, мәтін стилі, жанр, мәтін түрі, хронотоп, дереккөз, басылым мерзімі және т.б.) жасалды.
 Алдағы уақытта публицистикалық стильдің басқа да ішкі жанрларын қамту, сондай-ақ басылым кезеңдері бойынша ұлғайту және дереккөздердің атаулары бойынша кеңейту көзделуде.

Ескертпе: сайт 2021 жылы ашылғандықтан, қаралым саны аз.

Ел тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілерге құжаттарды сауатты толтыру бойынша үлгілік сайт

«Qujat.kz»- құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база.

Сайтта іс қағаздарын жүргізу 2-ге бөлінген: «кеңсе» және «кадр» құжаттары, онда құжаттардың жеке үлгілері ұсынылған.

Құжаттарды іздеудің 3 түрі қолданылады: түрі және атауы бойынша және әріп бойынша жүйелі іздеу.

Құжаттардың екі жүзден астам үлгісі (қазақ және орыс тілдерінде) PDF және DOC нұсқаларында қолжетімді.

Құжаттардың үлгілеріне онлайн өзгерістер енгізуге арналған сервис жұмыс істейді.
 Сайтта «Құқықтық негіз», «Мақалалар», «Кітапхана», «Терминдер», «Сұрақ-жауап» бөлімдері орналасқан.

Қаралым – 131 558.

Қазақ тілін латын графикасына көшіру барысын сүйемелдейтін сайт

«Qazlatyn.kz»(портал және конвертер) - еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал.

Порталдың көпфункционалды конвертері мәтіндерді кирилден латынға және төте жазуға онлайн сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Конвертердің ішкі ядросы (кодтары) «Яндекс переводчик» веб-сервисіне орналастырылып, қазіргі таңда «казахский (латиница)» деген жазумен халықаралық деңгейдегі тілдер қатарына қосылды.

Қаралым: портал – 182 773, конвертер – 1 582 769.

Ономастикалық атаулар жинақталған сайт

«Atau.kz»- ономастика саласындағы сайт.

Сайтқа Қазақстан бойынша көшелердің, мәдениет, білім беру мекемелерінің, түрлі объектілердің атаулары жинақталған.

Сондай-ақ базада Қазақстан Республикасындағы жерлер мен су айдындары атауларының толық тізбесі бар.

Пайдаланушылар объектілерге атау беру ережелерімен, ономастика жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттармен, ұлттық және өңірлік ономастика комиссиялары туралы ақпаратпен, ономастика жөніндегі әдебиеттер тізімімен және зерттеу жұмыстарымен таныса алады.

Қаралым – 246 008.

Мемлекеттік тіл саясатының іске асырылу барысынан хабардар ететін сайт

«Tilalemi.kz»- тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жаңалықтар, лингвист ғалымдардың мақалалары, республикалық конкурстардың, іс-шаралардың ережелері және т.б. орналастырылған портал. Сонымен қатар порталда кітаптар, мультимедиялық бағдарламалар, сөздіктер мен журналдар орналастырылған.

Қаралым – 5 258 045.

]]>
«Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.

admin Wed, 15 Jun 2022 00:25:41 +0600
«Новый Казахстан – обновленная КОНСТИТУЦИЯ 2022» http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5298-novyj-kazahstan-obnovlennaja-konstitucija-2022.html http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5298-novyj-kazahstan-obnovlennaja-konstitucija-2022.html В ясли – саду № 43 «Еркеназ» прошло информационно – разъяснительное собрание на тему

«Новый Казахстан – обновленная КОНСТИТУЦИЯ 2022»

Заведующая ясли – сада  Шойбекова Гульнур Бейсеновна обращая   внимание присутствующих на изменения и дополнения  в Конституции, призывала всех к активному   участию в референдуме, так как это  долг каждого гражданина Казахстана. 

]]>
В ясли – саду № 43 «Еркеназ» прошло информационно – разъяснительное собрание на тему

«Новый Казахстан – обновленная КОНСТИТУЦИЯ 2022»

Заведующая ясли – сада  Шойбекова Гульнур Бейсеновна обращая   внимание присутствующих на изменения и дополнения  в Конституции, призывала всех к активному   участию в референдуме, так как это  долг каждого гражданина Казахстана. 

]]>
admin Mon, 30 May 2022 18:41:27 +0600
«Жаңа Қазақстан – жаңартылған КОНСТИТУЦИЯ 2022» http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5297-zhaa-azastan-zhaartylan-konstitucija-2022.html http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5297-zhaa-azastan-zhaartylan-konstitucija-2022.html

№ 43 «Еркеназ» бөбекжай – бақшасында
 «Жаңа Қазақстан – жаңартылған  КОНСТИТУЦИЯ  2022» тақырыбында  қызметкерлер мен ата – аналарға  арналған ақпараттық  - түсіндіру жиналысы өтті. Бөбекжай- бақша меңгерушісі Шойбекова Гульнур Бейсеновна Конституциядағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, рефендумға қатысу әр азаматтың  - борышы деп түсіндіре,белсенділік танытуға шақырды. 

admin Mon, 30 May 2022 18:14:48 +0600
Жамбылдықтар Жеңіс күнін атап өтті http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5-zhambyldytar-zhes-knn-atap-tt.html http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/5-zhambyldytar-zhes-knn-atap-tt.html
                             Бүгін 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған облыс орталығындағы салтанатты шаралар легі қаладағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов, З.Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, Әл-Фараби көшесіндегі обелискіге гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарларынан бастап, басқарма, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, Ассамблея хатшылығының, зиялы қауым өкілдері және тағы басқалар (барлығы 5 мыңға жуық адам) қатысты.Бұдан кейін «Қаһарман ұлт-Бессмертный полк» шеруі өтті. Шеруге қатысқан 2 мыңнан аса адам А.Сухамбаев ескерткішінен Д.Қонаев — І.Жансүгіров көшелері арқылы Жеңіс саябағына дейін жүріп өтті. Жеңістің 74 жылдығына арналған шеруге көпшілікпен бірге облыс әкімі Асқар Мырзахметов та арнайы қатысты.Бұдан соң өңір басшысы Асқар Мырзахметов, облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысы генерал-майор Марат Құсаиновтың қатысуымен «Мәңгілік алау» және Бауыржан Момышұлы ескерткішіне салтанаттыгүл қою рәсімі өтті. Ол «Ерлік» мемориалды кешеніндегі мерекелік шарасына жалғасты. Мерекелік шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы құрбандарын, жерлес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Облыс әкімі жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бейбіт күннің бағасын білуге шақырды.Сондай-ақ, бұл күні Жеңіс саябағындағы «Данқ» залының ашылу салтанаты өтті. «Данқ» залының құрылысы саябақтың өткен жылы басталған жаңғырту жұмыстарының жалғасы болып табылады. Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын зал екі қабаттан тұрады. Құрылысты мердігер «Жасыл ел Тараз» ЖШС-гі жүргізген. Жоба құны – 546 миллион 769 мың теңгені құрайды.«Данқ» залының бірінші қабаты Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Онда 1000 шаршы метрге барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам фото шежірелер топтастырылған. Залдың бірінші бөлігінде орналасқан 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған қабырғалардағы суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдына алып келеді. Атап айтсақ, 1941-жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқасының, генераль-майор И.Панфиловтың, «Отан ана», Б.Момышұлының, Н.Белошевтің және басқа да барлығы 100-ден астам фотосуреттер мен 200-ден аса құжаттар қойылған. Ал, залдың 1942-жылға негізделген қабырғасы «Ленинград блокадасына» арналған. Онда жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың суреті, ақынның «Ленинградтық өреңім» атты отты өлеңі және өзге де дүниелер орын алған. 1943-жылға арналған қабырғада Сталинград, Курск шайқастарына арналған үлкен фотолар жинағы орналасқан. Сол секілді 1944-45 жылдарға арналған қабырғада Қызыл Әскердің Европаны азат етуін бейнелейтін фотолар жинағы берілген. Сондай-ақ, залда «Рейхстагқа ту тігу» барельефі қойылып, тылдағы еңбеккерлердің өмірінен сыр шертетін, 1945 жылғы 24 маусымдағы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруі және Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана қаласында өткен салтанатты шараның суреттері де көрініс тапқан. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.Нысанның екінші қабатында «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан. Орталықта Б.Момышұлының балалық шағынан кемеңгерлік жасына дейінгі өмірін бейнелейтін музей және көркемсурет бұрышы құрылған. Онда негізінен майдангер-қаламгердің шығармашылық-тұлғалық болмысын айшықтауға басымдық берілген. Орталық ішінде Баукеңнің шығармашылығына арналған кітапханалық бұрыш пен жиын өткізуге арналған конференция залы жасақталған. Сонымен қатар, деректер жинақтайтын мамандарға арналған үш қызметтік бөлме мен бір фотолаборатория қарастырылған.«Данқ» залының лентасын қию рәсіміне даңқты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор, Мекемтас Мырзахметұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тлеуқабыл Төребеков қатысты. Сондай-ақ, осыдан соң саябақта «Солдат ботқасы» атты шарасы өтіп, 500 адамға ботқа таратылды. Мерекелік шаралар соңы концерттік бағдарламаға ұласты.Айта кетейік, бұл күнгі іс-шараларға барлығы 11 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.                                     

admin Thu, 09 May 2019 17:56:10 +0600
Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/4-ardagerge-rmet-rpaa-mndet.html http://43-taraz.balabaqshasy.kz/main/4-ardagerge-rmet-rpaa-mndet.html
                             Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері, Тараз қаласының тұрғыны Тілеуқабыл Төребековтің шаңырағына арнайы барып құттықтады. Асқар Исабекұлы ардагердің бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегін атап өтіп, бүгінгі ұрпақ атынан алғысын жеткізді.Тілеуқабыл Төребеков 1925 жылы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, партия мектебін бітірген. 1943-1950 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет атқарып, оның 5 жылында Жапон соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары қоғамдық, партиялық жұмыстарға белсене араласқан. 1959-1960 жылдары тамақ өнеркәсіп орындары жұмысшылары облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып еңбек еткен. Облыстық әкімшілікте коллегия және облыстық тәртіптік кеңестің мүшесі болған. Одан кейінгі жылдары Жамбыл қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. «Отан соғысы» орденімен және 17 мерекелік медальмен марапатталған.Сондай-ақ бұл күні облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан басшылары да өңірдегі бірқатар ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтады.Айта кетейік, бүгінде облыста барлығы Ұлы Отан соғысының 75 ардагері бар десек, мереке қарсаңында олардың әрқайсысына қалалық және аудандық бюджеттер есебінен 300 мың теңгеден сыйлық ретінде берілді. Ал Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілгендерге 100 мың теңгеден, тыл еңбек ардагерлеріне 50 мың теңгеден қарастырылған.Облыс әкімінің баспасөз қызметі

admin Tue, 07 May 2019 17:55:30 +0600